Банкілік есепшот

Online

Сіздің email:

Қайырымдылық сомасы:

 
Кандидат “Әлем” бағдарламасын қатысу ережелерінің” барлық шарттарын орындаған жағдайда, сондай-ақ іріктеудің нәтижелері бойынша лауреаттар “Сәби” Қайырымдылық Қорының қолдауына ие болады, оның түрі мен мөлшері номинацияға байланысты белгіленеді және ол келесі түрде болып келуі мүмкін:

• түрлі және соның ішінде халықаралық көрмелерге, байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын қаржыландыру;

• түрлі және соның ішінде шетелдік бағдарлық оқу мекемелерінде, Жоғару оқу орындарында, магистратураларда оқуының ақысын төлеу;

• тиісті номинация бойынша білікті және танылған кәсіби шеберлермен тыңдауларды, байқауларды, әңгімелесулерді ұйымдастыру;

• жетекші кәсіпорындарда, компаниялар мен ұйымдарда, музыкалық ұжымдар мен қоғамдарда машықтану мүмкіндігін ұсыну.

Сонымен қатар, “Сәби” Қайырымдылық Қоры alemsaby.kz электронды мәліметтер картотекасын әзірлеуде, мұны қызығушылық танытып отырған промоутерлер, продюсерлер, HR-менеджерлер мен жұмыс берушілер тиісті өнер, ғылым, спорт, бизнес саласында жұмыс істеу үшін дарынды жастарды іріктеу мақсатында қарауына болады.

"Әлем" дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы филантроптардың ерікті жарналарының, сондай-ақ “Сәби” Қорының достары мен серіктестерінің риясыз қолдауының есебінен қаржыландырылып және қызмет етеді.