Банкілік есепшот

Online

Сіздің email:

Қайырымдылық сомасы:

Бірінші кезең

Қордың қолдауына лайықты үміткерлерді сұрыптау

 
ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ІРІКТЕУ
 
Қордың қолдауына ие болуға үміткерлерді келесі үш кезең бойынша іріктеу көзделуде:
 
Интернет іріктеу
келіп түскен өтініштерді талдауға негізделумен Қордың қызметкерлері жүргізеді;
 
Аралық  іріктеу
өзіне әрбір номинация бойынша саралап жіктелген түрде шақыртылған құзырлы және танылған кәсіби шеберлер кіретін іріктеу комиссиясымен жүргізіледі;
 
Ақырғы іріктеу
алдыңғы іріктеудің нәтижелеріне негізделумен «үздіктің үздігі» принципі бойынша жүргізіледі, бұл жағдайда үміткерлердің әлеуметтік осал топтарға жатуы ескеріледі (жетімдер, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы не жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар, денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар).

Екінші кезең

Дарынды жастарға ұйымдық және экономикалық қолдау жасау

 
ДАРЫНДЫ ЖАСТАРҒА ҰЙЫМДЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚОЛДАУ ЖАСАУ
 
Үш кезеңнен тұратын іріктеудің нәтижелері бойынша лауреаттар Қордың қолдауына ие болады, оның түрі мен мөлшері номнацияға байланысты белгіленеді және келесі түрде болып отыруы мүмкін:
 
Көрмелерге, байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға, соның ішінде халықаралық шараларға
қатысуын қаржыландыру;
 
жоғары оқу орындары мен магистратуралардағы, соның ішінде шетелдегі оқу мекемелеріндегі
оқуының ақысын төлеу;
 
әрбір номинация бойынша саралап жіктелген түрде құзырлы және танылған кәсіби шеберлермен тыңдауларды, көрулерді, әңгімелесулерді ұйымдастыру; жетекші кәсіпорындарда,
компаниялар мен ұйымдарда, музыкалық ұжымдар мен қоғамдарда
машықтану мүмкіндігін ұсыну.

Үшінші кезең

Мүдделі тараптардың электронды өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету

 
МҮДДЕЛІ ТАРАПТАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ӨЗАРА
ӘРЕКЕТТЕСУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жоба лауреаттарының мәліметтері қорын әзірлеу
және оны соған мүдделі промоутерлердің, продюсерлердің,
HR – менеджерлердің, жұмыс берушілердің назарын аудару үшін
порталдың беттеріне жайғастыру.
 

Қатысушыларға

қатысу ережелері
Толтыру ережелері
Марапат
Сауалдар мен жауаптар
Түйіндемесін толтыру

қатысу ережелері


“Әлем” бағдарламасына қатысуға жасы 7 және 24 жас аралығын құрайтын, келесі категориялар мен номинациялар бойынша дарыны не бірегей табиғи қабілеті бар балалар, жасөспірімдер, жастар шақырылады.
 
Көрсетілген “Түйіндемені толтыру ережелері” бойынша толтырылған және alemsaby.kz адресіне жіберілген түйіндеме 3-деңгейлік іріктеуден өтеді: 
 
1. Интернет-іріктеу – жіберілген өтінімдерді талдау негізінде Қор қызметкерлерінің күшімен жүргізіледі.
 
2. Аралық іріктеу – өзіне әр номинация бойынша саралап жіктелген түрде білікті және танылған кәсіпқойлар шақыртылатын іріктеу комиссиясымен жүргізіледі 
 
3. Ақтық іріктеу – алдыңғы іріктеудің нәтижелерін салыстыра отырып «үздіктердің үздігі» принципі бойынша жүргізіледі, кандидаттардың әлеуметтік тұрғыдан осал категорияларға (жетімдер, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы не жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балалар, денсаулығына орай мүмкіндігі шектелген балалар) жатуы ескеріледі 
 
Егер Сіз жайлы ақпарат іріктеу комиссиясының мамандарын қызықтыратын болса, біз Сізбен өтініміңізді тапсырған сәттен бастап бір ай ішінде Өзіңіз көрсеткен байланыс мәліметтері бойынша хабарласатын боламыз. 
 
Сіздің нені күтуіңізге болады 
 
Ақтық іріктеудің нәтижелері бойынша лауреаттар Қордың қолдауына ие болады, оның түрі мен мөлшері номинацияға байланысты белгіленеді және ол келесі түрде болып келуі мүмкін:
 
• түрлі және соның ішінде халықаралық көрмелерге, байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын қаржыландыру;
 
• түрлі және соның ішінде шетелдік бағдарлық оқу мекемелерінде, Жоғару оқу орындарында, магистратураларда оқуының ақысын төлеу;
 
• тиісті номинация бойынша білікті және танылған кәсіби шеберлермен тыңдауларды, байқауларды, әңгімелесулерді ұйымдастыру;
 
• жетекші кәсіпорындарда, компаниялар мен ұйымдарда, музыкалық ұжымдар мен қоғамдарда машықтану мүмкіндігін ұсыну.
 
Сонымен қатар, “Сәби” Қайырымдылық Қоры alemsaby.kz электронды мәліметтер картотекасын әзірлеуде, мұны қызығушылық танытып отырған промоутерлер, продюсерлер, HR-менеджерлер мен жұмыс берушілер тиісті өнер, ғылым, спорт, бизнес саласында жұмыс істеу үшін дарынды жастарды іріктеу мақсатында қарауына болады.
 
"Әлем" дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы филантроптардың ерікті жарналарының, сондай-ақ “Сәби” Қорының достары мен серіктестерінің риясыз қолдауының есебінен қаржыландырылып және қызмет етеді.
 

Толтыру ережелері


Өтінеміз, Түйіндемені толтыру ережелерімен танысып шығыңыз.

1. "Аты-жөні" терезесінде
Аты-жөніңізді толық жазыңыз

2. Шығып тұрған "Жасы" терезесінде
өзіңіздің түйіндемені толтыру сәтіндегі жасыңызды көрсетіп жазыңыз

3. "Толық ақпарат" терезесінде
келесі сауалдарға жауап беріңіз:

• Қайтадан аты-жөніңізді жазыңыз.

• Сіз қай елдің қай қаласында не елдімекенінде тұрасыз?

• Қандай оқу мекемелерінде оқыдыңыз не оқып жатырсыз ?

• Сіз өз дарыныңыз деп нені санайсыз (қандай ерекше дағдыларыңыз мен қабілетіңіз бар)?

• Өз қабілетіңізде қандай жетістіктерге жеттіңіз?

• Қандай байқауларға, жарыстар мен шараларға қатыстыңыз?

• Қандай наградалар және қандай жетістіктеріңіз үшін алдыңыз?

• Сіз "Әлем" бағдарламасынан қандай қолдау алуды күтесіз?

Өзіңіз жайлы 10 сөйлем мөлшерінде қосымша мәліметтерді хабарлаңыз (егер Сіз жоғарыда берілген жауаптар дарыныңыздың мәнін толық ашпайды деп есептеген болсаңыз).

Сізбен қалай байланысуымызға болатынын көрсетіңіз (егер Сіздің телефоныңыз не электронды мекенжайыңыз - e-mail болмаса)
 
Сіздің және Өз отбасыңыздың әлеуметтік жағдайын (ата-анаңыз бар ма, кім болып жұмыс істейді) көрсетіп жазыңыз
 
«Әлем» бағдарламасы жайлы қай дереккөзден білдіңіз?

4. "Қаланың коды, телефон нөмірі" терезесінде
Сізбен байланысуымызға болатын байланыс телефонын көрсетіңіз

5. "e-mail (қолданыстағы)" терезесінде
Өзіңіз үнемі пайдаланатын электронды мекенжайыңызды (e-mail) көрсетіңіз

Өзіңіз жайлы мәліметтерді енгізіп болғаннан кейін "жіберу" түймешігін басыңыз

Егер Сіз жайлы ақпарат іріктеу комиссиясының мамандарын қызықтыратын болса, біз Сізбен өтініміңізді тапсырған сәттен бастап бір ай ішінде Өзіңіз көрсеткен байланыс мәліметтері бойынша хабарласатын боламыз.

Жоба әкімшілігі іріктеу комиссиясының пікірі бойынша байқаулық іріктеудің шарттарын қанағаттандырмайтын үміткерлерге жауап бермеуге құқылы.

Жоба әкімшілігі "Әлем" бағдарламасына қабылданған қатысушылардың түйіндемесін alemsaby.kz. сайтының парақтарында жайғастыруға құқылы.

«Әлем» бағдарламасы туралы барлық ақпаратты Сіз alemsaby.kz  сайтынан ала аласыз. 
 

Марапат


 
Кандидат “Әлем” бағдарламасын қатысу ережелерінің” барлық шарттарын орындаған жағдайда, сондай-ақ іріктеудің нәтижелері бойынша лауреаттар “Сәби” Қайырымдылық Қорының қолдауына ие болады, оның түрі мен мөлшері номинацияға байланысты белгіленеді және ол келесі түрде болып келуі мүмкін:

• түрлі және соның ішінде халықаралық көрмелерге, байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын қаржыландыру;

• түрлі және соның ішінде шетелдік бағдарлық оқу мекемелерінде, Жоғару оқу орындарында, магистратураларда оқуының ақысын төлеу;

• тиісті номинация бойынша білікті және танылған кәсіби шеберлермен тыңдауларды, байқауларды, әңгімелесулерді ұйымдастыру;

• жетекші кәсіпорындарда, компаниялар мен ұйымдарда, музыкалық ұжымдар мен қоғамдарда машықтану мүмкіндігін ұсыну.

Сонымен қатар, “Сәби” Қайырымдылық Қоры alemsaby.kz электронды мәліметтер картотекасын әзірлеуде, мұны қызығушылық танытып отырған промоутерлер, продюсерлер, HR-менеджерлер мен жұмыс берушілер тиісті өнер, ғылым, спорт, бизнес саласында жұмыс істеу үшін дарынды жастарды іріктеу мақсатында қарауына болады.

"Әлем" дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы филантроптардың ерікті жарналарының, сондай-ақ “Сәби” Қорының достары мен серіктестерінің риясыз қолдауының есебінен қаржыландырылып және қызмет етеді.

Сауалдар мен жауаптар


Құрметті достар, Сіздің "Әлем" бағдарламасы бойынша кез келген сауалдарыңызды қоюыңызға болады. Біз телефон және Интернет желісі арқылы жауап беруге әрдайым дайынбыз.

"Әлем" бағдарламасының өкілдерімен Интернет желісі арқылы қалай жедел байланысуға болады?

"Әлем" бағдарламасының өкілдері – бұл "Сәби" Қайырымдылық Қорының қызметкерлері. Қазіргі кезде Сіздің мыналарды қолдануыңызға болады:

- электронды пошта: alem@saby.kz
- Twitter: https://twitter.com/alemsaby
- Вконтакте: https://vk.com/alemsaby 

Менің өз дыбыстық не бейне жазбаларымды "Әлем" Бағдарламасының сарапшыларына қалай көрсетуіме болады?
Менің өз көркемдік еңбектерімді (мүсіндерді) "Әлем" Бағдарламасының сарапшыларына қалай көрсетуіме болады?
Менің өз фотоеңбектерімді "Әлем" Бағдарламасының сарапшыларына қалай көрсетуіме болады?
Менің Сіздерге өз грамоталарымды қалай көрсетуіме болады?

Аса кең таралған әдістердің бірі – қолыңыздағы дыбыстық/бейне жазбаларды, фотоеңбектерді, мәсіндердің фотосуреттерін, грамоталардың және өзге құжаттардың сканерленген көшірмелерін Өзіңізге ыңғайлы болатын кез келген сайтқа – бейнепорталға не файл алмастырушыға жазып алу. Бұл жағдайда alemsaby.kz сайтында тіркелген кезде, Сізге Түйіндемені толтыру ережелеріне сәйкес өзіңіздің дыбыстық не бейнежазбаларыңыз сақталған гиперсілтемелерді көрсету ғана қалады.

Баға беру үшін қанша ән не картинамды жіберсем болады?
Баға беру үшін 3-уі жеткілікті. Егер сарапшылар комиссиясы кандидаттардың қосымша еңбектерін көру қажет деп санайтын болса, біз Сізбен байланысып және осы жайлы хабарлайтын боламыз.

Іріктеу комиссиясы «Сәби» Қайырымдылық Қорының «Әлем» бағдарламасы бойынша қолдауға ие болуға үміткерлерді қалай таңдайды?
www.alemsaby.kz сайтында тіркелу кезінде қалдырылған үміткерлер туралы алдын-ала ақпарат іріктеу комиссиясына беріледі.
Егер іріктеу комиссиясы алынған материалды қызықты деп тапқан болса, "Әлем" Бағдарламасының қызметкерлері үміткерлерді сарапшылармен көзбе-көз түрде кездесуге шақыртады.
Өзінде үміткер өзін сарапшыларға көзбе-көз түрде көрсететін кездесудің нәтижелері бойынша хаттама әзірленеді, соның негізінде нағыз таланттар "Сәби" Қайырымдылық Қорының қолдауына ие бола алады.

Қазақстанның жастары «Әлем» Бағдарламасы жайлы қай жерден біле алады?
«Әлем» Бағадарламасы жайлы еліміздің барлық алшақ аудандарында біліп жүруі біз үшін өте маңызды болды. Бұл үшін біз хабарландырудың әр түрлі әдістерін қолдандық. Қордың жұмыскерлері 17 елді мекендерге аттанып үгіттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстанның барлық аудандық білім бөлімдеріне және көптеген мектептерге ақпараттық хаттар жіберілді. «Мұғалім.kz» журналында жарнамалық хабарландырулар үнемі басылып шығуда. Хабар және Қазақстан телеарналарында әлеуметтік ролик жіберілді.

Сұранымдарды қабылдау мерзімі шектеулі ма?
Мерзімі шектеусіз.

Қандай категориялар бойынша Гранттар бөлінеді?
Барлық категориялар мен номинациялар бойынша толық ақпаратты осы жерден таба аласыздар.

Берілетін Гранттың шектеулі сомасы бар ма?
Барлығы жеке түрде шешіледі. Әрине, ең бастысы қолданылатын мақсаты мен бюджеттің негізділігі ескерілетін болады. Сонда да, Қор барлық сұранымдарды қарастыруға дайын.

Үміткерлерді сұрыптау барысында қандай критерийлерге сүйенесіздер?
«Әлем» Бағдарламасы бойынша Грантқа иеленуге жол беретін ең басты критерийлер болып: бірегей дарын, потенциал, талант, жетістіктер және мектептегі немесе басқа да оқу орындардардағы үлгерімі қарастырылады. Міндетті түрде үміткерлердің әлеуметтік деңгейі ескеріледі.

Қандай сұранымдар қабылдауға алынбайды?
Дұрыс толтырылмаған сұранымдар қабылданбайды. 
Түйіндемелерді толтыру барысында кететін басты қателіктер:
Сұрақтардың барлығына жауап болмауы.
Орфографиялық және грамматикалық қателер.
Жалпы қызықтырмайтын резюме.
Тапсырмалардың жеткіліксіз орындамауы.

Қай уақыт шамасында іріктеудің қорытындысын білуге болады?
Егер де қатысушылар келесі айналымға өтетіндей жағдай болса, олар міндетті түрде электронды поштамен хабарландырылатын болады. Сондықтан барлық үміткерлер хатты жіберген кейін, e-mail-ды бір ай көлемінде үнемі тексеріп жүруіңіз керек. Егер де жауап келмеген болса, онда сіздердің сұранымдарыңыз келесі айналымға өтпеген болар.

Жеңімпаздарыңыз бар ма?
Әр жыл сайын «әлемдіктердің» саны ұлғая түсуде. Қазақстанның әр түрлі аудандарында тұратын көптеген балалар бірнеше категория бойынша Гранттарға ие болды.

«Әлем» Бағдарламасы бойынша сайыстар өткізіле ма?
Ия. Балалар мен 24 жасқа дейін ерсектер арасында мемекеттік тілде ақындар мүшәйрасы іске асырылған. Сұранымдар жыл сайын 01 қаңтардан бастап 01 мамырға дейін қабылданады. Бас жүлде – ноутбук және оқу Грантын ұтып алу мүмкіндігі.

Іріктеу комиссиясының мүшелері жайлы білсек?
Іріктеу комиссиясының мүшелері жайлы сіздер осы бетте біле аласыздар, олардың құрамы іріктеу барысында үнемі жаңарып және ауысып отырады.

Грант алушылардың Қор алдында қандай міндеттері бар?
Біздің Қордың әлеуметтік бағытын ескере келе, Грант алушылардың Қор алдында ешқандай қаржылай жауапкершілік, кепілдеме және басқа да міндеттемелер жүктелмейді. Оқу Гранттарына ие болған студенттер, Грант алушы мен Қордың арасында қойылған келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 7 жылдан кем емес жұмыс атқаруға міндетті болады.
 
Егер мен жеңімпаз атанып және Оқу Грантын иеленетін болсам, онда автоматикалық түрде мен таңадаған оқу орнына тіркелгенім болып есептеле ме?
Қор оқу Гранты бере тура, тек сіздің оқу ақысын ғана төлейтін болады. Оқу орнына түсу және тіркеу бойынша жұмыстарды Қор өз міндетіне жүктемейді. Сіз өзіңіз оқуға түсу процессін қадағалап жүруіңіз тиіс. Егер оқу орнына тіркелмей қалсаңыз Гранттың күші жойылады.
 

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУҒА КАНДИДАТТЫҢ ТҮЙІНДЕМЕСІ

Өз мәліметтеріңізді енгізіңіз:

Түйіндемені толтырар кезде келген жасыңыз:

Түйіндемені дұрыс толтыру үшін, өтінеміз, Түйіндемені толтыру ережелерімен танысып шығыңыз

Сіз қай елдің қай қаласында не елдімекенінде тұрасыз?

Қандай оқу мекемелерінде оқыдыңыз, не оқып жатырсыз?

Сіз өз дарыныңыз деп нені санайсыз (қандай ерекше дағдыларыңыз мен қабілетіңіз бар)?

Қандай сайыстарға, байқауларға және шараларға қатыстыңыз?

Өз қабілетіңізде қандай жетістіктерге жеттіңіз?

Сіз таңдаған бағытта өзіңіз жайлы видеобейне, фотосурет немесе басқа да мәліметті жүктеп алатып 3-ке дейін сілтемелерді (мысалға youtube, kaztube, flickr.com және тағы басқа ғаламтор ресурстары) көрсетіңіз:

Сіз "Әлем" бағдарламасынан қандай қолдау алуды күтесіз?

Өзіңіз жайлы 10 сөйлем мөлшерінде қосымша мәліметтерді хабарлаңыз (егер Сіз жоғарыда берілген жауаптар дарыныңыздың мәнін толық ашпайды деп есептеген болсаңыз):

Сізбен қалай байланысуымызға болатынын көрсетіңіз (егер Сіздің телефоныңыз не электронды мекенжайыңыз - e-mail болмаса):

Сіздің және Өз отбасыңыздың әлеуметтік жағдайын (ата-анаңыз бар ма, кім болып жұмыс істейді?) көрсетіп жазыңыз:

«Әлем» Бағдарламасы жайлы сіз қайдан білдіңіз?

Телефон нөмірі

Электрондық пошта:

Қауіпсіздік коды:

Әлемдіктер

Бағдарлама тарихы

Бірегей дауысы бар Қостанайлық Жасұлан Сыдықов тыңдау нәтижелері мен Бағдарлама сарапшыларының түйіндері бойынша «Сәби» қорынан Қазақ Ұлттық Консерваториясында оқу грантына ие болды, сондай-ақ оған әр түрлі концерттер мен теледидар жазылымдарына қатысу мүмкіндігі ұсынылды;
 
Қор атынан жеке сабақтар өткізуге арнайы музыкалық қондырғысын сыйға алды; 2011 жылдың қыркүйегінен бастап ағылшын тілінен және ораторлық өнері бойынша бірнеше ай бойы дәріс алды. 
Қаңтар-желтоқсан, 2011
 
2011 жылдың қаңтар – желтоқсан аралығында «Әлем» Бағдарламасының іріктеу комиссиясымен еліміздің 35 елді мекендерінің үміткерлерінен келіп түскен 270-ге жуық сұраныстар қарастырылды; «Әлем» Бағдарламасын жастарға үгіттеу мақсатымен 17 елді мекендерге Қор жұмыскерлеріне іс-сапар ұйымдастырылды; 8 балаға шығармашылық тыңдау жүргізіліп жоғарғы дәрежелі вокал мамандарымен баға берілді;

Маусым, 2011 
 
Әр-түрлі номинацияда таланты бар грант иеленуші үшін 12 үміткер сұрыпталды;

Қаңтар-маусым, 2011
 
Мемлекеттік тілде ақындар сайысы жарияланып, басты жүлдеге Ақтөбе облысының тұрғыны Сейітова Бағдагүл қол жеткізді, ол мектеп бітіргеннен кейін «Әлем» Бағдарламасы бойынша Грантқа ие болды;

Наурыз - шілде, 2011 
 
«Әлем» Бағдарламасы аясында Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» Компаниясымен бірігіп – Қазақстанның түпкір-түпкірінен дарынды сценаристерді іздеу және сұрыптау бойынша - Сценарийлер байқауы өткізілді; барлығы 650 хаттың ішінде 132 сұраныстар сұрыпталып, 10 жартылай финалистер айқындалды; шілде айында болған фестивальдің аясында жеңімпаз анықталды – Бахтиер Кадыров;

Шілде, 2011 
 
Астана күнінің мерекелік күндерінде «әлемдіктер» - Жасулан Сыдыков пен Тимур Алдыбергенов қатысты;

Сәуір, қыркүйек 2011
 
Семей қаласының тұрғындары Хаметов Ануарға және Солтанов Бекнурға өздерінің шығармашылықтары үшін Қор атынан ноутбуктар сый ретінде ұсынылды;

Шілде-тамыз, 2011
 
Алматы қ. Орталық Көрме Залында 9 жастағы Петпропавлоск қаласынан келген жас суретші Кузнецов Романға 2-апталық жеке көрмесі ұйымдастырылды;

Қыркүйек, 2011
 
Ақтөбе облысының тұрғыны Асанова Шамшырақ және Петропавловск қаласындағы Лушникова Елена «Әлем» Бағдарламасы бойынша престижді оқу орындарында мамандық алуға Гранттарға ие болды;

Қазан, 2011
 
Алматы қ. Шахматшылар одағына спорттық керек-жарақпен, қажетті жабдықтар мен жиһазбен қамтыды: шахматтық үстелдер, орындықтар, фигуралар мен сағаттар сатып алынды; сөйтіп 2011 жылдың қараша айында балалар-жасөспірімдердің біліктілік турниры өткізілді;
 
Желтоқсан, 2011
 
Жасулан Сыдыков пен Тимур Алдабергенов ҚР Тәуелсіздігіне 20 жылдығына орай 16 желтоқсанда ұйымдастырылған мерекелік концертке қатысты.
Ақпан, 2012 жыл
 
Атырау облысынан келіп ҚазҰТУ-нің 1 курс студенті Тілепбергенов Берік оқу мерзімінде ай сайын Грант-стипендияға қол жеткізді;

2012 жылдың 13-17 ақпаны
 
2012 жылдың 13-17 ақпан аралығында Нью-Йорк қаласын әлеуметтік-мәдени Nomad’s Way шарасы өткізілді, акция аясында қазақтың байырғы зергерлік бұымдарының көрмесі және «Әлем» Дарынды жастарды қолдау Бағдарламасы бенефициар болып атанған қайырымдылық аукционы өткізілді.

Сәуір 2012 жыл
 
Мақсатұлы Нұрзат Қызылорда облысынан өзінің жеке музыкалық дарынын дамыту үшін Yamaha Клавинова электронды пианиноны сыйға алды;

Мамыр, 2012 жыл 
 
«Әлем» Бағдарламасы жайлы ақпаратты видеобейне мемлекеттік телеарналарға жазылып таратылды.

Наурыз- маусым, 2012 жыл 
 
Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» Компаниясымен бірігіп – Қазақстанның түпкір-түпкірінен дарынды сценаристерді іздеу бойынша – екінші рет Сценарийлер байқауы өткізілді; Басты жүлдені осы жылы шет елдік қатысу Ұлыбританиялық Файзал Куреши жеңіп алды;

Қаңтар- маусым, 2012 жыл
Екінші рет мемлекеттік тілде ақындар сайысы өткізіліп, бірінші орынды Атырау облысынан Мутиева Ақжарқын иеленді. Бас жүлде – ноутбук және ҚазҰУ-не оқуға грант;

Маусым, 2012 жыл
 
Шынберген Амантурлин атындағы мүмкіндіктері шектеулі жастардың арасында халықтық-қолданбалы өнер республикалық сайысының жүлдегелеріне қаржылай приз бөлінді;

Тамыз, 2012 жыл
Әр-түрлі номинацияда қабілеттері бар 15 грант бойынша үміткерлер сұрыпталды:

Қыркүйек, 2012 жыл
 
Ақындар сайыстарының қорытындылары бойынша ең үздік өлеңдер енген шағын топтама шығарылды;

Қазан, 2012 жыл
 
Ташкент қаласында өткен карате-до Шотокан бойынша Әлем кубогында балалар командасының қатысуының барлық шығыны өтелді;

Желтоқсан, 2012 жыл
 
Нью-Йорк киноакадемиясында оқуға халықаралық грантты Медет Шаяхметов ұтып алды.
Қаңтар- маусым 2013
 
Үшінші рет мемлекеттік тілде ақындар сайысы өткізіліп, бірінші орынды Қызылорда облысынан Байтуғанова Орынай иеленді. Бас жүлде – ноутбук;

Сәуір, 2013
 
Нью-Йорк киноакадемиясында оқуға халықаралық грантты Қанат Бейсекеев ұтып алды;

Қыркүйек, 2013
 
Үшінші ақындар сайыстарының қорытындылары бойынша ең үздік өлеңдер енген шағын топтама шығарылды;
Үшінші ақындар сайысының лауреаттарының өлеңдері Республикалық «Ұлан»газетіне және «Балдырған» журналында жарық көрді;
 
2013-2014
 
2013-2014 оқу жылына «Әлем» Бағдарламасының үш қатысушысына Қазақстанның ең үздік ЖОО-на оқу гранты бөлінді. 
Қаңтар-маусым 2014 жыл
 
Мемлекеттік тілдегі Төртінші ақындар конкурсыөтіп, қорытындысы бойынша жеңімпаз - Батыс Қазақстан облысынан Гилымханов Марлен анықталды, бас жүлде – ноутбук;
 
Мамыр 2014 жыл
 
Халықаралық грант иегері Қанат Бейсекеев Нью-Йорк киноакадемиясының бір жылдық курсын бітіріп келді;
 
Маусым 2014 жыл
 
Аблайхан Ахажанов Лос-Анджелес қ. UCLA Калифорния Университетінің «Электроника» мамандығы бойынша халықаралықгранттың бақытты иегері атанды;
 
Тамыз 2014 жыл
 
Жас дарындарды қолдау бағдарламасының «Алем»alemsaby.kzсайтының жаңартылған нұсқасы іске қосылды;
 
Қыркүйек 2014 жыл
 
Алдыңғы қатарлы математиктер тобына тегін оқуға іліну үшін конкурс жарияланып, 10 қатысушы іріктеліп алынды. Олар 5 жыл бойы тереңдетілген математика курстарында білім алатын болады;
 
Қыркүйек 2014 жыл
 
Панихин Артурдың Чехияның Острава қ.өтетін мәнерлеп сырғанау Жасөспірімдер арасында Гран-прижарыстарына қатысуы қаржыландырылды;
 
Қыркүйек 2014 жыл
 
2014-2015 оқу жылына Қазақстанның ЖОО-да білім алуға үш адам (Алматы қаласы, Алматы облысы, жамбыл облысы және Батыс-Қазақстан облысы) білім гранты иегері болды;
 
Қараша 2014 жыл
 
Қазақстанға белгілі Кеңес Ракишев және Вячеслав Ким беделді бизнемендерімен сый қоры 200 000 доллар болатын «Өз бизнесіңді жаса» байқауы басталды.
Қаңтар-маусым 2015 жыл
 
Мемлекеттік тілдегі Төртінші ақындар конкурсы өтіп, қорытындысы бойынша жеңімпаз – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан ауылынан Жаулыбай Нурбек жеңімпаз болып анықталды, бас жүлде – ноутбук;

Маусым 2015 жыл
 
7-8 сыныптағы 10 оқушыларға алғыр математиктер курсының бірінші жылын жылы қорытындыланды;

Маусым 2015 жыл
 
«Әлем» Бағдарламасы бойынша үш қатысушысы орта және жоғары оқу орындарын бітірді:
  • Тлепбергенов Берік – ҚазҰТУ, мамандығы: Металлургия,
  • Адильбекова Назерке – Жетісу мемлекеттік университеті: Журналистика,
  • Асанова Шамшырак – Ақтөбе музыкалық колледжі, мамандығы: Домбыра;

Тамыз 2015
 
Қазақстанның жоғары оқу орындарына үш білім беру гранттары бөлінді;

Қазан 2015
 
«Сәби» Қайырымдылық Қоры «Әлем» Бағдарламасының аясында Бесінші Халықаралық студенттік және дебютті фильмердің кинофестивалінің демеуші болып қатысты;

Желтоқсан 2015
 
Іріктеу тестілерді сәтті тапсырып, нақты ғылыммен өз өмірін байланыстырғысы келген дарынды тағы үш баламыз «алғыр» математиктер тобына қосылды.

Желтоқсан 2015
 
Халықаралық гранттың иегері – Ахажанов Абылайхан Лос-Анжелестегі Калифорниялық Университеттің (UCLA) магистратурасын «Микроэлектроника, нанотехнология және олардың биология мен медицинадағы практикалық қолданылуы» жедел түрде бітіріп PhD бағдарламасына ауысты.
- қаңтар-маусым- Мемлекеттік тілдегі Алтыншы ақындар конкурсы өтіп, қорытындысы бойынша жеңімпаз – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылынан БӨКЕБАЙ Дина жеңімпаз болып анықталды, бас жүлде – ноутбук;
 
- мамыр 2016 – 10 жастағы спорты – БОРИСОВА Марияға Санкт-Петербург қаласында өтетін «Шығыс-Батыс 2016 жарыс өнерінің Олимпиадасы» атты жарысқа қатысу үшін сапарының шығының төленді;
 
маусым 2016 - 7-8 сыныптағы 13 оқушыларға алғыр математиктер курсының екінші жылын жылы қорытындыланды, жаздық каникулдарда оқуы ұзартылды;
 
- маусым 2016 – «Әлем» бағдарламасы бойынша 10 қатысушы жоғарғы және орта оқу орындарын тамамдады ШАЯХМЕТОВ Медет, МУТИЕВА Акжарқын, ӘБІЛ Жұлдыз, БАҒЫТОВА Айкөркем, ТЕМІРХАНОВ Мерей, ҚҰЛЫМОВА Ақкенже, МАЛЫШОВ Азамат, МУКАТАЕВА Алтыншаш, ТЕМІРҒАЛИ Карлыға, РАЗЗАКОВ Махмут;
 
- маусым 2016 – Назарбаев интеллектуалды мектептің 5 түлектеріне: КАШАГАНОВА Мадинаға, БЕРЛИКУЛОВА Аруайға, БУЛАТОВ Жандосқа, ЖЕКСЕНБЕКОВА Дианаға және СЕМЕНОВ Алексейге Израиль мемлекетіндегі Герцлия қаласындағы Халықаралық орталықтың компьютер мектебінің бакалавр дәрежесінде информатика бойынша грант ұтып алды;
 
- қазан 2016 – БЕКТУРОВА Маликаның Санкт-Петербургте өтетін IV Л.Ауэр атындағы скрипкашылардың Халықаралық байқауына баратын жол шығыны өтелді.