Банкілік есепшот

Online

Сіздің email:

Қайырымдылық сомасы:

Ұлылардың дана сөздері | 29 қазан 2014

Гельвецийдің дана әліппесі

Клод Адриан Гельвеций (1715-1771) – француз әдебиетшісі және философ-материалист, ағарту дәуірінің иделогтарының бірі. Өзінің басты мақсаты ретінде Гельвеций кемеңгер, рақымшыл және дарынды  адамдардың білімге баулығаннан пайда болатынын және сол үшін мемлекеттік басқару формалары мен заңдардың зор ықпалы тиетінін көрсеткісі келді.
 
 
Ақыл ойсыз келмейді.
 
Атпен жүру өнерін білмейтін адам, жас жылқыны үйретуге ақыл бермейді. Неліктен өсиет айтқанға бәріміз шеберміз?
 
Арамызда күйбең-тіршілікке көңіл аудармай өз ойымен жүретіндер аз, ал өз ойын өмірге келтіретін адамдар кем де кем.
 
Әр уақыта бірдей жақсылықтар әр түрлі қабылданады, заманының келтірген пайдасына қарай.
 
Байлық деген даналардың құлы, ақымақтың әміршісі.
 
Бақыттың басы – ақыл, аяғы – рақымшылық.
 
Басқару түрлері адамдарға рақымшылдықты тарату үшін жаратылмаған, олар оны қажет етпейді... Адамзаттың көбіне әрине білімбергені дұрыс ақ, алайда қорқытып ұстаған қолайлырақ.
 
Білімі кем адамдар әрқашанда тиянақты және ой өрісі кең адамдарды масқаралауға тырысады.
 
Данышпан үздіксіз назардың өзі.
 
Даналық кеңесте, ал тағдыр уақиғада басымдылық етеді.
 
Жомарттықтың пайда болуы өз себептеріне байланысты.
 
Егері адал іс атқарғың келсе, көпшілікті мүддесін қорғаған жағдайда ғана орындауға болады. Жеке бастың мүддесі жаңылысқа әкеп соқтырады.
 
Ескі ұғымға сенетін адамдарды дос деп санауға болмайды. Өйткені олардың достығы басқалардың ескі ұғымдарына тәуелді.
 
Көпшіліктің бізге деген немқұрайлығын байқау өкінішті-ақ; бірақ-та адамдарды қандай да болса, сондай қабылау керек... Адамнан көп нәрсе күтпеген жағдайда, сүйіспеншіліктің жолы жеңіл болады.
 
Көбінесе ақыл ой сәтсіздікке ұшырағандарды нұрландырады.
 
Надандық қолдағандар адамзаттың нағыз дұшпандары болып саналады.
 
Нағыз ауыртпашылықтың арасында батылдық өз орнын табады.
 
Рақымшыл адам -  бұл деген құштарлық пен сананы және міндет пен рақатты үйлестіре алады.
 
Өнердің басты міндеті – жүректі толқыту.
 
Өз-өзін бақытсыз санаған адам бақытсыз болады.
 
Тілек көңіліңді қозғайтын күштің өзі; ықыластан айырылу, тұрып қалу. Тілеу үшін әрекет ету керек және бақытты болу үшін ықпал жасау керек.
 
Сезімнің ішіндегі қызғаныш сезімі ең жексұрыны болып табылады. Өшпенділік, сатқындық, қастық әрекеті қызғаныштың басында жүреді.
 
Сараң адам бай күйінде өмірден өту үшін кедейлік өмір сүреді
Досыңның қолы ғана жүрегіндегі тікенді суырып алады.
 
Эпикурдың атқан сөзі: егер де бай болғын келсе, өз даулетіңді көбейтуге талпынба, қанағат бол.