Банкілік есепшот

Online

Сіздің email:

Қайырымдылық сомасы:

Ұлылардың дана сөздері | 25 наурыз 2016

«Кемеңгер ақсақал» Лао Цзыдің қанатты сөздері

Лао-Цзы (Лаоцзы, Кәрі Сәби, Данагөй ақсақал) – біздің дәуірге дейін VI-V ғасырда өмір сүрген атақты ежелгіқытай философ-ойшылы. Классикалық даоцизмнің философиялық трактаты «Дао Дэ Цзин» («Жол мектебі мен табиғи күш атты кітап») соның еңбегі деп есептейді, бірақта бұл адамның тарихилығында замануи ғылымның өкілдері күдіктенуде.

Лао-цзы Конфуцидің замандасы және оның қарсы пікір білдірушілері болды, сонымен  қатар одан да кем емес қытай мәдениетінің данагөйі. Алайда Лао-Цзыдің тарихилығы күмән тудырсада, даос мектептерінің ішіндегі оған деген құрметін асыра мадақтау мүмкін емес. 
 
Дао ілімін үйренуші шәкірттердің арасында кең тараған Лао –Цзының нақыл сөздері:
 
Шындық туралы: «Білімді сөйлемейді, ал сөйлеуші білмейді».
 
Білім туралы: «Білім жоқ, сол үшінде мен ештеңені білмеймін».
 
Тартыншақтық туралы: «Бұл ізгілікке жетудің алғашқы баспалдақтары, және де адамгершілікке жетудің бастауы».
 
Өмір туралы: «Адам дүниеге келген сәтінен бастап өледі».
 
Күш-қайрат жөнінде: «Әлсіздер мықтыларды жеңе алады».
 
Өзімшілдік жөнінде: «Егер сіз өз жеңісіңізді біреулердің қолдауымен немесе талқылауымен өлшейтін болсаңыз, сіздің қорқынышыңыз мәңгілік болады».
 
Соғыс туралы: «Жауың жоқ болса, соғыста болмайды».
 
Жақсылық пен жамандық туралы: «Жақсының шыныменде жақсы екенін бәрі білген кезде, оған деген зұлымдық туындайды».
 
Сөзуарлық туралы: «Кім көп сөйлесе, сол алдынан шыққан келеңсіздіктерге төтеп бере алады».
 
Өмір жөнінде: «Ол өте қысқа, сол себепті уақытты жоғалтпау керек, керісінше одан ләззат алу қажет».