Банкілік есепшот

Online

Сіздің email:

Қайырымдылық сомасы:

Ұлылардың дана сөздері | 23 қыркүйек 2016

Айзек Азимовтың кітабынан дана сөздер

Айзек Азимов (Isaac Asimov, туылған кездегі аты Исаáк Ю́дович Ози́мов;  1920 жылдың қаңтардың 2 күніРСФСР, Смоленская облысыныңПетровичиШумячский ауылында дүниеге келді — 1992 жылдың 6 сәуірінде, АҚШ, Нью-Йоркте  қайтыс болды) —американ жазушысы-фантаст, ғылым популяризаторы, биохимик.
 
500 астам кітаптың авторы, көбінесе (ғылыми фантастика жанрдегі және фэнтези, детектив, әзіл жанры) көркем және ғылыми танымал (әр саладағы – астрономиядан мен гентикадан тарих пен әдебиеттануға дейін).
 
Айзек Азимовтың барлық кітаптарын оқып шыққан адам жоқ шығар, сондықтар назарларыңызға шығармаларының ішіндегі есте сақталатын дана сөздерді ұсынамыз:

 
...белгісіздік қағидасынан алыстап кете алмайсың. Сәтсіздік әрқашан болуы мүмкінда, нақтырақ айтқанда – қашып құтыла алмайсың.
______________
                         «Сіріңке алыңыз»
 
... өмір – бұл жоғалту тізбегі. Сен жастық шағыңнан, ата-анаңнан, сүйіктіңнен, достарыңнан, денсаулығыңнан, ләззат алудан, ең соңында өмірдің өзінен айрыласың. Сен мұны қабылдай алмауың мүмкін – бірақ бәрібірде бұлардың барлығынан айрыласың.
______________
    «Немезида»
 
Қорқыныш болуы қажет, ол әрдайым қауіп-қатерден сақ жүруге, өміріңді сақтауға септігін тигізеді.
______________
«Фантастикалық саяхат II»
 
                Басқалар үшін жомарт болу оңай.
______________                     
                    «Фантастикалық саяхат II»
 
       Сені ренжіткен адамға деген өкпеңді, ол ашулы кезде емес, сабырға келіп қайталаған кезде білдіруіңе болады.
______________
«Фантастикалық саяхат II»
 
...қанағаттанбаушылық адамзатты өркениет пен мәдениеттің қалыптасуына жағдай жасауға алып келді. Өмірде қанағаттану тозу мен тоқырауға ұшыратады.
______________
«Жаным, саған салқынба?»
 
... жылтыр алтын ақша керемет бал айын өткізуге ықпал етеді, бірақ өмір жөнінде салмақты ойлансаң, құр ақша жеткіліксіз.
______________
                 «Жаным, саған салқынба?»
 
Аурудан айығу, өмірде осы рахатты сезінуден артық бақыт жоқ шығар.
______________
                          «Соңғы жауап»