Банкілік есепшот

Online

Сіздің email:

Қайырымдылық сомасы:

Бағы жанғандар | 21 қараша 2016

Марта Харпер – франчайзинг ойлап шығарушысы

Марта Харпер –  1857 жылы Канаданың, Онтарио провинциясында  тігіншілер отбасында дүниеге келген, сән индустриясының нарығында өзгеше  бағытымен, тауарымен ерекшеленген өнертапқыш.
 
Ол кішкентай кезінен жұмыс жасай бастайды. 7 жасынан бастап әкесінің талабымен жалшылық қызметте, 12  жасынан бастап тағдыр қызды дәрігер, шаш зерттеумен айналысып жүрген Уэстон Хэрриманның қолына әкеледі. Дәрігер шаштың өсуі мен мықтылығы үшін, және шаштың барлық түрлеріне арналған бірегей құрал ойлап табады. Марта – Матильда өзінің жұмыс берушісі ұсынған бірегей құралды өзіне тексерістен өткізеді. Оның шаштары шыныменде қызығарлықтай еді - шашы ұзын, берік, сау және қалың болып кетеді. 
 
1881 жылы Уэстон Хэриман  дүниеден өтеді. Таңғажайып ертегідегідей, ол өлер алдында ғажайып  препараттың құрамын өзінің ассистентіне беріп кетеді.
 
Дәрігердің өлімінен соң Хэрпер ханым АҚШ-тың Рочестер қаласына кетіп қалады. Аздаған уақыт жалшылық қызметте жүреді, қасына өзінің ханымының және оның құрбыларының шаш күтімімен айналысады.
Керемет шаштаразшының арқасында таңғажайып препарат тез таралып кетеді.
 
1888 жылы ол шаштараз салонын ашты. Бұндай мекемені құру туралы идея жаңашылдық әкелді, өйткені ауқатты бикештер шаш күтімін үйде жасауды жөн көретін. Сонымен қоса, Харпер бас жууға арналған кресло ойлап тапты және ондай креслоларды салонында белсене қолдана бастады. Клиенттер балаларымен келген жағдайда, балаларын үнемі салоннан табылатын бала күтушіге тастап кете алатын еді. Шаштараз көрсететін қызметтердің ішінде басқа арналған массаж бен ер адамдарға арналған шаш үлгісі де бар.
 
1891 жылдың өзінде Буффило қаласында Харпердің екінші салоны ашылды. Басқарушы болып Марта-Матильданың әпкесі тағайындалды. Ал 1893 жылы салон Чикагода ашылды. Оны Харпердің клиенттерінің бірі ашты.
 
ХХ ғасырдың 1920 жылдарында франчайзинг бойынша әлемде "Харпердің әдісі" салондарының 500-і ашылып үлгерді. Харпер мекемелерінің қызметтерін Сьюзен Энтони, Вудро Вильсон, Кельвин Купидж секілді атақты тұлғалар және Жакпин Кеннедидің өзі пайдаланды.
 
Өкінішке орай, франшиза бүгінгі  күнге дейін жете алмады. 78 жасқа қараған шағында Харпер бар ісін өз жолдасына тапсырып, қызметтен алыстады. Ол 1950 жылы 93-ке қараған шағында өмірден озды.
 
 Ал 1972 жылы корпорацияны бәсекелестері артта қалдырды. Солай бола тұрса да, компания 80 жылдан артық жасады.
 
Марта-Матильда Харпер өз франчайзерлеріне тек шаш үлгілерімен жұмыс жасау жүйесін, шаш күтіміне арналған құралдарды, жиhаздар мен жабдықтарды ғана емес, сонымен қатар клиенттермен қарым-қатынас жасаудың ережелерін, шаш үлгісін жасайтын шеберлердің өздерін ұстау қағидаларын қалдырып кетті. Клиенттің жағдайының жайлылығы мен қолайлылығы басты орында тұрды. Салон қызметкерлерін міндетті түрде оқыту жүргізіліп отырды.
 
Харпер салондарының франшизасын фирманың атауы ғана беріліп қоймай, бизнестің жүргізілу жүйесі де бірге берілетін франчайзингтың "бизнес-формат" түріне жатқызуға болады. Ал қызметтер аясы үшін клиенттерге қызмет көрсету негізгі фактор болып табылады.
 
Көптеген зерттеушілер "бизнес-формат" әдісі кейінірек, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды деп есептейді және оны Рей Крокпен және McDonald's компаниясымен байланыстырады. Дей тұрғанмен, франчайзингтың "бизнес-форматының" алғашқы сәтті тәжірибесі - ол дәл Мартин-Матильда Харпер салондары болды. Және бұл тәжірибе бизнес-ойлардың дамуына үлкен үлес болып қосылды.