Банкілік есепшот

Online

Сіздің email:

Қайырымдылық сомасы:

Бағдарлама жаңалықтары | 15 желтоқсан 2016

Тәуелсіздік құтты болсын, қазақстандықтар!

Өткен 25 жылдың ішінде Қазақстан қиын күндерді бастан кешті:  әлемге ұлы даланың рухты ұлты екенін дәлелдеп, табандылығын көрсете білді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – қазақстандықтардың билікке және көшбасшымызға деген сенімінің өскен кезеңі. Отанға деген сүйіспеншілік артып, дәл осындай көпұлтты зайырлы мемлекетте өсіп-өніп, ұрпақ тәрбиеледі.  
 
Қазіргі таңда қазақстандықтар бейбіт мемлекетте өмір сүріп, халықтың жақсы өмір сүруі  үшін жыл сайын жаңа жетістіктерге қол жеткізген елде тұратынын мақтаныш қылып айта алады.
Міне, биыл еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтіп,барлығымыз бірге жарқын келешегімізге қадам басамыз.
 
«Сәби» Қайырымдылық Қоры барлық отандастарды осы маңызды мерекесімен құттықтай отырып, Қазақстанның барша тұрғындарына болашағының гүлденуін, келешегіне нық қадам басар сенімінің артуын тілейді!