Банкілік есепшот

Online

Сіздің email:

Қайырымдылық сомасы:

Ұлылардың дана сөздері | 3 ақпан 2017

Эсте Лаудердің жетістігінің қарапайым құпиялары

Эсте Лаудер (01. 07. 1908 – 24. 04. 2004) – американдық кәсіпкер, «Эсте Лаудер» Корпорациясының алғашқы негізін қалаушысы және директорлар кеңесінің төрағасы. Оның өмірдегі басты мақсаты әлемдегі әйлдер қауымын құлпыртып, қайталанбас тұлға ету. Және ол осы мақсатқа жету үшін жай ғана косметикалық бренд ғана емес, сұлулықтың империясын құрды.  
                 
Алайда, сұлулық әлеміндегі берік мақсатына қол жеткізумен қатар, ол сүйікті әйел және қамқор ана болудан еш жалыққан емес. Сол себепті оның табысқа қалай қол жеткізуге болатындығы жөнінде тура айтылған пікірлерді оқыған кезде , оның сөздерін қайта-қайта оқығың келеді.
 
1. Түйсігін тыңдап, тәуекелге бел буған жандар табысқа жетудің жолын өздері жасайды.
2. Егер бір нәрсе алғың келсе, шығынға ұшырауға тура келеді.
3. Сіз қателесуіңіз мүмкін. Бірақ... тек бір-ақ рет.
4. Мақсатқа қол жеткізу үшін ең тиімді әдісі – табыстың толқынына бағыттала білу. Бұл өмірде қажет.
5. Табысты анық бағдарлай біліңіз, содан соң ол шындыққа айналады.
6. Әлемдегі ең ұлы аңыз сол, тез арада таңғажайып табыс табудың формуласына жетуге уәде ету.