Банкілік есепшот

Online

Сіздің email:

Қайырымдылық сомасы:

Бағдарлама жаңалықтары | 9 мамыр 2017

Женіс күнімен!

76 жыл бұрын Ұлы Отан соғысының басталғандығы жөнінде жағымсыз xабар жетіп, жарқын болашақтың қақпасын қараңғылық жапқан болатын. Елін қорғау үшін миллиондаған адамдар елден аттанып, фашизммен күресуде көптеген мемлекеттер бірікті. Ұлы Отан соғысының салған жарасы әрбір адамның жүрегіне қаяу салды.
Сол себепті де Жеңіс күні көптеген Қазақстандықтар үшін қастерлі мереке болып саналады. Елі үшін аямай күресіп, жеңіске жетіп, азаттық алу үшін жанын берген ата-бабаларымыздың ерлік істерін, естеліктерін атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің мақсатымыз. Біз жүрегімізде Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлік істерін жадымыздан шығармай, бізге, болашақ ұрпақтарына сыйлаған бақытты өмірі үшін мәңгілік қарыздар болып қаламыз.
 
"Сәби" қайырырымдылық Қоры барша қазақстандықтарды 9 мамыр жеңіс күнімен құттықтайды. Және басымызға бейбітшіліктің жарқын аспанын тарту еткен ата-бабаларымыздың ерліктерін жадымызда мәңгі сақтап, ешқашан ұмытпайық. Ешқашанда еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігін ешнәрсе қараңғылатпасын.